Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Италиядағы Бари челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші франциялық Кароль Моннемен бірге ширек финалда испаниялық Марина Бассольс – бразилиялық Лаура Пигоссимен сынға түсті.
Қазақстандық-франциялық жұп 7:6 (7:2), 6:0 есебімен басым түсті. Құламбаева – Монне финалға шығу үшін грекиялық Валентини Грамматикопулу – франциялық Эликсан Лечемиямен таласады. Бұл жұп жарыстың 2-ракеткалары, словениялық Далила Якупович – ресейлік Ирина Хромачёвадан айласын асырды – 6:1, 6:4.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Тимофей Скатов жекелей сында Севилья (Испания) челленджер додасында рейтингте 335-орында тұрған франциялық Валентин Ройеге жол берді – 3:6, 2:6.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
12.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі