
US Open: Анна Данилина миксте финалға жолдама алды
Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты.
Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапониялық Ена Шибахара – хорватиялық Мате Павичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-финляндиялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.
Данилина – Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
08.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі

























