US Open: Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алды

05.09.2023    Оқылғаны: 747
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ширек финалда қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2). Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер