US Open: Анна Данилина миксте ширек финалға шықты

04.09.2023    Оқылғаны: 828
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта ширек финалға шықты.

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда америкалықтар Алисия Паркс – Денис Кудламен күш сынасты.

Қазақстандық-финляндиялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. 

Данилина – Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер