Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды
еннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті.
Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы дарынды теннисшіміз Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн.
Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды.
Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің екінші айналымында жергілікті теннисшіден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
12.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі