18 жастағы Аружан Сағандықова әлемдік рейтингіде бірден 87 орынға көтерілді
Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды.
Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр.
Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан. Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында тұр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
16.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі