![Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапты](/_images/news/aleksandr_nedovesov__1691301899.jpg)
Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапты
06.08.2023 Оқылғаны: 182
Дереккөз:
Автор:
Дереккөз:
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты.
Қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кездесті.
Аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.
Қазіргі кезде Недовесов әлемдік рейтингіде 45-тен бір саты жоғарылап тұр.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі