Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды

30.07.2023    Оқылғаны: 847
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева – америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер