Теннис: Президент кубогында Денис Евсеев финалға жолдама алды
Қазақстандық, әлемнің 412-ракеткасы, 30 жастағы Денис Евсеев елордада Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 357-орында тұрған 22 жастағы түркиялық Янки Эрельмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Денис 3:1 есебімен алға кеткенімен, түркиялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен есеп 4:4 болған мезетте Евсеев тағы бір брейк жасап, сетті аяқтады – 6:4.
Екінші сет барысында қазақстандық спортшы екі рет брейк жасап, есепті 5:2-ге жеткізді. Бірақ матчқа доп бергенде, нүкте қоя алмады. Тек екінші мүмкіндігін пайдалана алды – 6:4.
Осылайша, қазақстандық спортшы Президент кубогы үшін додада екінші рет финалға жолдама алды.
Денис Евсеев бас жүлде үшін рейтингте 550-сатыдағы өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен кездеседі. Ол әлемнің 570-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскийді оңай ұтты – 6:3, 6:1.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі