
Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Умаг (Хорватия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы матчын жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Бехар – А.Павлашек есе қайырды – 6:4.
Супер тай-брейкте А.Недовесов – Г.Эскобар айқын басымдылық танытты – 10:3. Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың ширек финалдағы кейін анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























