Анна Данилина Гамбург турнирінің жартылай финалына жолдама алды

27.07.2023    Оқылғаны: 979
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңіске жетті.

Данилина мен Панованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Жекелей сында тағы бір қазақстандық, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады. Ол дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған германиялық Юле Нимайерден жеңіліс тапты – 7:5, 3:6, 1:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер