Теннистен Президент кубогы: Михаил Кукушкин ширек финалға шықты

27.07.2023    Оқылғаны: 1307
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 229-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 639-орында тұрған жапониялық Рента Токудамен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингте 570-сатыдағы ресейлік Евгений Карловскиймен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шыға алмады. Ол өзбекстандық Хумаюн Сұлтановқа жол берді. Есеп 7:6 (7:4), 0:6, 1:2 болған мезетте матчты жалғастырудан бас тартты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер