Теннистен Президент кубогы: 19 жастағы Ислам Орынбасар екінші айналымға шықты

26.07.2023    Оқылғаны: 1183
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық үш теннисші Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Дмитрий Попко Президент кубогындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Ол түркиялық Корай Кирчиді 6:4, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Попко ширек финалға шығу үшін өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен таласады.

Президент кубогының өткен жылғы финалисі Денис Евсеев жаңазеландиялық Аджит Раиды ұтты - 6:4, 6:1. Оның келесі қарсыласы - Израиль өкілі Орель Кимхи.

Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Ислам Орынбасар әлемнің 616-ракеткасы, үндістандық Прджвал Девті ұтты - 6:4, 1:6, 6:3. Теннисшілер кортта екі сағаттан астам уақыт бойы ойнады.

Ислам жарыстың 2-ракеткасы, жаңазеландиялық Бенджамин Локпен шеберлік байқасады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер