Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты

25.07.2023    Оқылғаны: 1164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour 50 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді.

Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін үндістандық Дигвиджай Сингх немесе жапониялық Рента Токуданың біреуімен таласады.

Тимур Мәуленов жекелей сында Польша өкілі Филипп Пеливоға есе жіберді - 6:7 (4:7), 1:6.

Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайыстарының финалында үндістандық Калианда Пуначеге жол берді - 1:6, 3:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер