Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнир басталды

23.07.2023    Оқылғаны: 924
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогі халықаралық турнирі басталды.

Алдымен ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі.

Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді.

Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен ойнайды.

Жарысқа арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің жұптық сында да қарсыластары белгілі болды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер