
Александр Недовесов Швециядағы турнирдің финалына өтті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлдені сарапқа салады.
Бұл Недовесовтің жұптық сында АТР 250 додаларындағы бесінші финалы болмақ. Қазақстандық теннисші 2022 жылы Дэлрей Бич, Мельбурн және биыл Хертогенбос, Баня-Лука турнирлерінің соңғы бәсекесінде өнер көрсетті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі