Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.
Бүгін ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.
Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұдан бір апта бұрын Жібек Римдегі осындай додада чемпион атанған еді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
12.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі