Александр Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда сербиялықтар Никола Качич - Душан Лайовичпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп қос брейкке қол жеткізді - 6:1.
Тартыстылау өрбіген екінші сетті жеңіспен тәмамдады - 7:5.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Эскобар мен Недовесов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі