Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салды.
Аталмыш матчта нидерландылық-ұлыбританиялық жұп 7:6 (7:1), 6;2 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымға жуық созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйспен көзге түсті. Қарсыластары 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Хертогенбос додасында финалға дейін жетуі нәтижесінде қазір Недовесов ATP Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтеріліп тұр.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі