![Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты](/_images/news/aleksandr_nedovesov__1686838345.jpg)
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 9 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі