
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды
Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 187-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты.
Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәттірек ойнады – 7:6 (10:8).
Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады – 7:6 (7:0).
Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді – 6:4.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























