
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Юлия Путинцева 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде қытайлық спортшы есе қайырды - 6:4.
Үшінші, шешуші сетте Юлия бірден алға кетті - 2:0. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:2.
Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























