Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

29.05.2023    Оқылғаны: 188
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М. Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де, тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер