
Юлия Путинцева Рабат турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Путинцева қос брейкке қол жеткізді - 6:2. Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасады. Дегенмен Юлия бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:1.
1 сағат 15 минутқа созылған кездесуде Юлия 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін рейтингте 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риерамен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
07.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
04.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
03.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
30.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі