
Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Недовесов мексикалық Мигель Анхел Рейес-Вареламен бірге алғашқы айналымда отандасы Андрей Голубев – эквадорлық Гонсалов Эскобармен кездесті. Бұл кездесуде қазақстандық-мексикалық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық-мексикалық дуэтке ширек финал қиынға түседі. Олар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі