
Анна Данилина Париждегі жарыстың чемпионы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париждегі WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, украиналық Надежда Киченок - америкалық Алисия Паркспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 7:6 (7:2), 14:12 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.
Осылайша, Анна Данилина жұптық сында WTA додаларында төртінші трофейіне қол жеткізді. Бұған дейін ол Сидней (WTA 500), Варшава (WTA 250), Гдань (WTA 250) турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
25.09.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
24.09.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
22.09.2023
ҚТФ баспасөз қызметі