
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Куршумлия-Баняда өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге соңғы бәсекеде белоруссиялық Александра Азарко - ресейлік Виктория Бородулинамен шеберлік байқасты.
Құламбаева мен Кубка 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, жұптық сында Жібек Құламбаева ITF додаларында биылғы маусымдағы екінші, спорттық жолында 21-інші трофейіне қол жеткізді. Қазіргі кезде ол жұптық сында әлемдік рейтингіде 198-орында тұр.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.03.2025
ҚТФ баспасөз қызметі