Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері ширек финалға шықты.
Қазақстандықтар D тобында екінші кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Омарханов Жу Фенгтің меселін қайырды – 6:4, 6:0.
Жұптық сында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарының осал тұсын тапты – 6:3, 6:4.
Осылайша, 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
24.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
21.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі