Теннистен ӘЧ: Іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Бозбалалар арасында 7-13 мамыр аралығында өтетін іріктеу сайысына 16 команда қатысады.
Қазақстандықтар D тобында Тайбэй, Өзбекстан және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды. 8 мамыр күні Сергей Квактың шәкірттері Жаңа Зеландиямен сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды: Әмір Омарханов (Қарағанды), Заңғар Нұрланұлы (Түркістан), Дамир Жалғасбай (Алматы).
Команда капитаны: Сергей Квак.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
14.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
14.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі