
Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықты
Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты.
Ққазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.
Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.
Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.
Ертең, 5 мамыр күні Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен таласады. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.
Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























