
Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстан қыздар құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты.
Бүгін қазақстандық қыздар Иран командасымен шеберлік байқасты. Күннің желді болғанына қарамастан, қазақстандықтар қолайсыз ауа райына тез бейімделді.
Алдымен Анастасия Крымкова бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Атфи Нитиден айласын асырды – 6:3, 6:3. Ариана Гогулина дәл сондай есеппен Ясаман Язданидің меселін қайырды – 6:3, 6:3. Үшінші ойында А.Крымкова Полина Слепцовамен бірге жұптық сында Қазақстан құрамасына үшінші ұпайды алып берді – 6:4, 6:1.
Ширек финал жеребесі 3 мамыр күні кешкісін тартылады. Әлем чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағынан тек үш команда жолдама алады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























