Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирін жеңіспен бастады

01.05.2023    Оқылғаны: 426
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Billie Jean King Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Ертең қазақстандық қыздар Иран құрамасымен сынға түседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер