
Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирін сәтті бастады
Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирін сәтті бастады
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Клэр Льюмен өткізді.
Бірінші партияда америкалық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Путинцева таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін өзі алға шыққанымен, Лью қарап қалмады. Есеп 4:4 болған мезетте Юлия брейк жасап, сосын сетболын пайдалана алды – 6:4.
Екінші сетте қазақстандық спортшы брейкпен алға кетті – 4:2. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Юлия жүлде қоры 7,7 млн еуродан асатын Мадрид мастерс жарысының үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.