Александр Недовесов Босниядағы турнирдің финалында ұтылып қалды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Босния және Герцеговинада өткен Баня-Лука ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды.
Қазақстандық теннисші португалиялық Франциско Кабралмен бірге финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - жаңазеландиялық Майкл Винуспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бір сағат 22 минутқа созылған кездесуде ұлыбританиялық-жаңазеландиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Майкл әлемдік рейтингіде жұптық сында 18-інші, Джейми 38-орында тұр. Екеуі де «Үлкен дулыға» жарыстарында жеңімпаз атанған.
Александр мен Франсиско финалға шығуы нәтижесінде екеуі 15 190 еуро табыс тауып, әрқайсысы 150 рейтингілік ұпайға ие болды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.01.2025
ҚТФ баспасөз қызметі