
Польшамен матчта Юлия Путинцева Қазақстанды алға шығарды
Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Ұлттық теннис орталығында Қазақстан – Польша матчы өтіп жатыр.
Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты.
Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда жеңіске жеткен.
Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға кетті. Тек содан кейін ғана Юлия есепті қысқартты – 2:4. Магда есеп 5:2 болып, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан соң қазақстандық теннисші күш алды – 7:5.
Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковска шеберлік байқасады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.