Қазақстан теннис құрамасы Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады

10.04.2023    Оқылғаны: 1437
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан әйелдер құрамасы елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында 14-15 сәуірде Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады.

Қызметінен мәлім еткеніндей, қос құрама ойыншылары Астанаға келіп, жаттығуға кірісті.

Алғашқы болып топырақ төсенішіндегі кортты Анна Данилина мен Юлия Путинцева байқап көрді.

Ойындар 14-15 сәуір күндері Астана уақытымен 13:30-да басталады. Алғашқы күні екі жекелей сындағы кездесу жоспарланған. Ал, 15 сәуірде екі жекелей және бір жұптық сындағы бәсеке нәтижесінде жеңімпаз команда анықталып, командалық әлем чемпионатына жолдама алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер