
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны анықталды.
Майами мастерс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина 7-орнында қалды.
Юлия Путинцева 47-інші, Жібек Құламбаева 441-інші, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.
Жұптық сында Андрей Голубев 68-інші, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі