Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатының жолдамасы үшін Жапониямен таласады

29.03.2023    Оқылғаны: 114
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды.

Қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Жапондықтарды жеңген жағдайда қазақстандықтар жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер