Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты
Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтіп жатыр.
Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Алдымен Михаил Мищенко тартысты бәсекеде қарсыласына жол берді – 4:6, 6:3, 3:6. Екінші ойында сингапурлық теннисшіні Мансур Саинов 6:4, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Шешуші, жұптық сында Михаил Мансур Қазақстан құрамасына жеңіс әперді – 6:2, 6:3.
Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірінші ракетка болып тіркелген Аустралиямен кездеседі. Осы матчта қай команданың ширек финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.