Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатына іріктеу сатысын кезеңін бастады

28.03.2023    Оқылғаны: 157
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңі басталды.

Жеребеге сәйкес еліміздің жасөспірімдер құрамасы D тобына түсіп, онда Аустралия, Сингапур және Иордания командаларымен ойнайды.

Бүгін қазақстандықтар Иорданияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кездесуде Мансұр Сайынов қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0, 6:0.

Ярослав Пшеничный тартысты бәсекеде жеңілді – 6:2, 3:6, 2:6. Дегенмен жұптық сында Мансұр Михаил Мищенкомен бірге командасына жеңіс әперді.

Қазақстан намысын іріктеу кезеңінде мына спортшылар қорғайды:

Ярослав Пшеничный (Астана);

Мансұр Сайынов (Ақтобе);

Михаил Мищенко (Алматы).

Команда капитаны Сергей Квак.

Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатының финалдық сатысына төрт команда жолдама алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер