Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

22.03.2023    Оқылғаны: 95
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңі топтық бәсекесінің алғашқы күні мәресіне жетті

Қазақстандық жасөспірімдер А тобында қытайлық Тайбэй мен Жаңа Зеландияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан – Тайбэй – 2:0.

Ева Корышева – Лин Ю Чен 7:5, 6:0;

Еркежан Жанатаева – Джи Хан 6:1, 3:6, 6:3.

Қазақстан – Жаңа Зеландия – 2:0.

Ева Корышева – Яшвитта Тумалла 6:1, 4:6, 6:3;

Сәбина Шухратова – Уна Мисич 6:1, 3:6, 6:2.

Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы топтың бірінші ракеткасы болып тіркелген Аустралия командасымен кездеседі. Сол матчта қай команданың ¼ финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады. Қос құрама да плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер