
Теннистен ӘЧ: іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері басталды.
Іріктеу сайысын алғашқы болып қыздар бастады.
Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан жасөспірімдер құрамасы А тобына түсті. Онда Аустралия, Жаңа Зеландия және қытайлық Тайбэй құрамаларымен ойнайды.
Бүгін қыздар Жаңа Зеландия және Тайбэй құрамаларымен сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:
Еркежан Жанатаева (Алматы)
Ева Корышева (Ақтөбе);
Сәбина Шухратова (Шымкент)
.
Команда капитаны - Мәдина Рахым.
Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Әр топтан плей-офф сатысына екі команда шығады. Сосын олар финалдық кезеңге берілетін жолдаманы сарапқа салады. Азия - Тынық мұхит аймағынан ұлдар арасында 4, қыздарда 3 жолдама иесі анықталады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.