Қазақстандық жас теннисші Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

20.03.2023    Оқылғаны: 511
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті.

Қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.

Жекелей сында 15 жасар Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді – 4:6, 4:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер