Гөзал Айнитдинова Астанадағы турнирдің екінші айналымына шықты

09.03.2023    Оқылғаны: 788
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жекелей сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен өткізді. Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Гөзал тізгінді қолға алды - 6:1. Үшінші, шешуші сетте Гөзал тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).

Айнитдинова ширек финалға шығу үшін әлемнің 136-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер