Рыбакина мен Путинцева Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

21.02.2023    Оқылғаны: 774
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті.

Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен шеберлік байқасып 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. 

Қазақстанның екінші, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің бастапқы кездесуін әлемнің 28-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізді. Бірінші партияда брейк жасаған Путинцева сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Есесіне екінші сетте бірде-бір гейм алған жоқ – 0:6. Дегенмен шешуші, үшінші партияда сәтті ойнай білді – 6:2.

Юлия екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер