Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

16.02.2023    Оқылғаны: 678
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Биыл теннистен ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды.

Елордада Ұлттық теннис орталығында жасөспірімдер арасында Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup және World Junior Tennis Competition 14&under турнирлеріне іріктеу сайыстары мәреге жетті.

Бес күнге созылған жарыс қорытындысында көктемде 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионатының іріктеу сайысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Сонымен, 16 жасқа дейінгі ұлдар:

1.Әмір Омарханов (Қарағанды)

2.Заңғар Нұрланұлы (Түркістан)

Үшінші ойыншы кейін анықталады.

Қыздар:

1.Іңкәр Дүйсебай (Алматы)

2.Полина Слепцова (Алматы)

3.Ариана Гогулина (Астана).

14 жасқа дейінгі ұлдар:

1.Ярослав Пшеничный (Астана)

2.Мансұр Сайынов (Ақтөбе)

3.Михаил Мищенко (Алматы).

Қыздар:

1.Ева Корышева (Ақтөбе)

2.Еркежан Жаңатаева (Алматы)

3.Сабина Шухратова (Шымкент).

Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup іріктеу сайыстары алғаш рет Қазақстанда, Шымкент қаласында өтеді. Ал World Junior Tennis Competition жарысына Малайзияда, Кучинг қаласында іріктеледі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер