
Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті.
Қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі орындарын жақсартты.
Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Зацепин 209-сатыда келеді.
Жуырда Қарағандыда өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-тен бірден 269-ға көтерілді. Сондай-ақ Ілияс Маратұлы 308-інші (+55), Ерасыл Бақтияр 875-інші (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасты.
Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
11.02.2025
ҚТФ баспасөз қызметі