Дэвис кубогі: Тимофей Скатов Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

05.02.2023    Оқылғаны: 1100
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор: Пресс-секретарь

Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Чили – Қазақстан іріктеу матчы басталды.

Аталмыш бәсекеде Тимофей Скатов пен Кристиан Гарме бірінші болып кортқа шықты.

Бұл Тимофейдің Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Чилилік спортшы қайыра брейк жасағанымен, Тимофейді тоқтата алмады. Есеп – 6:1, Скатовтың пайдасында.

Екінші сетті де қазақстандық спортшы тамаша бастады – 4:0. Бұдан кейін Гарин есепті қысқартқанымен, Скатов қайтадан 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Бір сағат 38 минутқа созылған ойында Скатов 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Осылайша, Қазақстан алға шықты – 1:0.

Енді Александр Бублик пен Николас Харри шеберлік таластырады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер