Australian Open-2023: Голубев/Недовесов теннисшілер екінші айналымға өтті

19.01.2023    Оқылғаны: 920
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисшілер бастапқы кездесуін аустралиялықтар Дейн Суини – Ли Тумен өткізді. Недовесов пен Голубев 6:0, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Қазақстандық жұптың екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик Мельбурнмен қош айтысты. Ол аустралиялық Джон-Патрик Смитпен бірге осы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – Нил Скупскиге жол берді – 1:6, 2:6.

Анна Данилина мен Александр Недовесов миксте бақ сынайды. Олар колумбиялық Хуан Себастьян Кабаль – франциялық Кристина Младеновичпен ойнайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер