Қазақстан теннис құрамасы United Cup командалық турнирінде алғашқы ойынын өткізді

30.12.2022    Оқылғаны: 1823
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан теннис құрамасы Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандықтар алғашқы матчын Швейцария құрамасымен өткізуде.

Бүгін еліміздің бірінші ракеткасы, команда капитаны Александр Бублик кортқа шығады. Ол Швейцарияның аса тәжірибелі ойыншысы Стэн Вавринкамен сынға түседі. Ойын шамамен Астана уақытымен 13.30-да басталады. Жібек Құламбаева әлемнің 35-ракеткасы Жиль Тайхманмен шеберлік байқасады. Ең соңғы бәсеке – аралас жұпта Александр Бублик пен Юлия Путинцева Стэн Вавринка – Белинда Бенчичпен ойнайды.

Жарыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін сәтсіз болды. Юлия Путинцева әлемнің 13-ракеткасы, Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке есе жіберді – 6:7(0:7), 3:6. Бірінші сетте қазақстанды теннисші 4:2 есебімен алда тұрды. Есеп 5:4 болған мезетте де екі сет-пойнтты пайдалана алмады. Екінші партияда да 2:0 есебімен алға шыққанымен, жеңіліс тапты.

Тимофей Скатов әлемнің 56-ракеткасы Марк-Андре Хуслерге тартысты матчта жол берді – 6:4, 3:6, 3:6.

Осылайша, Швейцария 2:0 есебімен алда тұр.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер